Саналы ұрпақ клубы

"Бюджеттік комиссия құрамын құру туралы" бұйрық шығарылды. Колледжішілік бюджеттік қаржылық есепті бақырау мақсатында төмендегідей комиссия құрамы құрылды:

1.Комиссия төрағасы-Қойшыманов Ө.-Ауған соғысы ардагерлері қоғамдық ұйымының төрағасы, қамқоршылық комиссиясының төрағасы.

2.Төраға орынбасары-Адиков М.М.-Аудандық кәсіпкерлер палатасының басшысы.

3.Кәсіподақ комитетінің төрайымы-Жанибекова Ш.С.

4.Ата-ана комитетінің төрағасы-Бисаринов А.

5.Ата-ана комитетінің мүшесі-Чашкин С.

"Адал ұрпақ клубына мүшелерін бекіту туралы" бұйрық шығарылды. Осы жобаны жүргізу және "Адал ұрпақ" студенттік клубының жұмыстарын ұйымдастыру колледждің жастар ісі жөніндегі инспекторы Кумпеисова Жансая Сериккановнаға жүктелді. "Адал ұрпақ" клубының мүшелері болып 16 студент бекітілді. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау директордың ТЖЖО Б.Н.Шаяхметовқа жүктелді.

"Жемқорлық фактілерін алдын алу туралы" бұйрық шығарылды. Осы бұйрықтық орындалуына жауапкершілік директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Б.Н.Шаяхметовқа жүктелді.

"Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізетін топ құрамы туралы" бұйрық шығарылды.

Топ жетекшісі-директордың ТЖЖО Шаяхметов Б.Н.

Топ мүшелері:

-тарих пәнінің оқытушысы Байтугурова К.А.

-АӘД жетекшісі Несіпбек Р.Н.

-кәсіподақ ұйымының төрайымы Джанибекова Ш.С.

-хатшы-Кумпеисова Ж.С.

Осы бұйрықтың орындалуын қадағалауы директордың ТЖЖО Б.Н.Шаяхметовқа жүктелді.

 

 

"Біз жемқорлыққа қарсымыз" тақырыбындағы мақала

"Қоғамды жайлаған індет" тақырыбындағы мақала

 

Академиялық адалдық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл жөніндегі комиссия құрылған, іщкі талдау жүргізіліп отырады. Құжаттар колледждің ресми сайтында орналастырылып, бюджеттік комиссия құрылған. Атқарылған іс-шаралар бойынша ақпарат жіберіліп отырады. Қаржылық қызметі бойынша есеп әзірленуде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл  бөлімі, саналы ұрпақ ерікті клубы ресми сайтқа орналастырылды. Әдеп кодексі негізінде сыбайлас- жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкіл тағайындалған. Басқа да жұмыстар арқарылуда.