Колледждің материалдық – техникалық базасы қазіргі заман талабына сай. Колледжде 3 қабатты типтік оқу ғимараты мен 5 қабатты 500 орындық жатақханасы бар. 17 оқу
кабинеті, 2 компьютерлік кабинеті, 3 зертхана, 7 өндірістік цех, 1 аспазшылар лабораториясы, жүргізушілердің жаттығу тренажерлары орнатылған 2 лабораториясы, спортзалы, акт залы , психологиялық қызмет көрсету кабинеті, дәрігерлік бөлме, кітапхана, сонымен қатар 250 орындық асхана бар. Қазіргі таңда колледжді Ибраимов Асет Садуакасұлы басқарып отыр.