Колледж тарихы

     Талдықорған  облыстық  кәсіптік-техникалық  басқармасының 1973  жылғы

25 желтоқсандағы №143 бұйрығының негізінде  № 122 Үшарал Ауылшаруашылық кәсіптік -техникалық училищесі құрылды.

     2008 жылы 16 мамырда  №102 қаулысына сәйкес Ушарал қаласындағы №5 кәсіптік мектеп  мемлекеттік мекемесі  Алакөл  ауданы Ушарал қаласындағы №5 кәсіптік лицей мемлекеттік мекемесі болып құрылды.

     2013 жылы 15  мамырда  Алматы облысының әкімдігінің №138 қаулысына сәйкес «№5 кәсіптік лицей» МКҚК  «Алакөл гуманитарлық -техникалық колледжі» болып ауыстырылған.     

     Колледждің материалдық – техникалық базасы қазіргі  заман талабына сай.  Колледжде  3 қабатты  типтік оқу ғимараты мен 5 қабатты 500 орындық жатақханасы бар. 17  оқу кабинеті, 2  компьютерлік кабинеті, 3 зертхана, 7 өндірістік цех, 1 аспазшылар лабораториясы, жүргізушілердің жаттығу тренажерлары орнатылған  2 лабораториясы, спортзалы, акт залы , психологиялық қызмет көрсету кабинеті, дәрігерлік бөлме, кітапхана, сонымен қатар 250 орындық  асхана бар.

      Қазіргі  таңда  колледжді  Ибраимов Асет Садуакасұлы басқарып отыр. 

  

 

      Колледжде   мынандай  қысқа  мерзімді  курстар  жүргізіледі:

  • «ЖЭЕМ-нің операторы», «ВС, В категориялы автокөлік жүргізушісі», «Газэлектрдәнекерлеуші», «Аспаз», «Шаштараз», «Тігінші», «Тракторшы-машинисі».

   Колледждің материалдық – техникалық базасы қазіргі  заман талабына сай.  Колледжде  3 қабатты  типтік оқу ғимараты мен 5 қабатты 500 орындық жатақханасы бар. 17  оқу кабинеті, 2  компьютерлік кабинеті, 3 зертхана, 7 өндірістік цех, 1 аспазшылар лабораториясы, жүргізушілердің жаттығу тренажерлары орнатылған  2 лабораториясы, спортзалы, акт залы , психологиялық қызмет көрсету кабинеті, дәрігерлік бөлме, кітапхана, сонымен қатар 250 оқушыға арналған  асхана және оқушылардың өндірістік    іс –тәжірибеден өту үшін суғармалы 40 гектар жері бар.

    Колледжде  спорттық және мәдени үйірмелер  жұмыс атқаруда. Білім ордасында  72 қызметкер жұмыс жасауда, оның ішінде жоғары білімді 31- оқытушы , 1- аға шебер, 9- өндірістік оқыту шебері қызмет атқарады. Өндіріс  шеберлерінің 4-уі жоғары білімді, 5-уі арнайы орта білімді.

Оқытушылардың  санаттық құрамы:

-жоғары санатты -1 оқытушы

-бірінші санатты -9 оқытушы мен 1 өндіріс шебері

-екінші санатты 8 оқытушы мен 3 өндіріс шебері.

 

Колледждің оқытушылары мен өндіріс  шеберлерінің жетістіктері

Алакөл гуманитарлық – техникалық колледжінің көптеген оқытушылары мен білімгерлері аудандық, облыстық  байқаулардан жүлделі орындарға ие болып отырды. Атап айтсақ:  Б.Н Шаяхметов,  ,Ғ.Т Сыздықбаев, Ж.А Жетписбаев, М. Мукаева , Қ. Байтұғырова  Б. Байкалұлы Д.Ракишев, П.Жакупекова сынды оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері. Сонымен қатар білімгерлер арасында жетістіктер жетіп артылады солардың бірі 2010 оқу  жылында кәсіптік лицей білімгерлер арасында ауылшаруашылық Тракторист –машинист  мамандығы бойынша өткен  облыстық кәсіби шеберлік байқауында өндірістік оқыту шебері , кәсіптік – техникалық білім беру ісінің үздігі  Ғ.Т. Сыздықбаевтың шәкірті Рымжанов Азат  «Спорт лидері» номинациясы бойынша   жүлделі үшінші орынды иеленіп, Алматы облыстық білім басқармасының грамотасымен марапатталып және ақшалай сыйлыққа  ие болды. Ақсу ауданында  колледждер арасында өткен облыстық «Ең үздік механизатор» байқауында өндірістік оқыту шебері Байкал Бағдаттың жетекшілігімен 22 топ білімгері Жүнісов Мәди  3-орынды иеленді. .2014 жылы өндірістік оқыту шебері Жетписбаев Жандос Ақатайұлының жетекшілігімен Талдықорған қаласында  колледждер арасында өткен облыстық «Ең үздік дәнекерлеуші» сайысында 21 топ білімгері Асқарбеков Еркебұлан Сәулетұлы «Үздік дәнекерлеуші» наминациясын  жеңіп алды.  2013 жылы облыстық кіші ғылыми конференцияға қазақ тілі пөнінің оқытушысы Ж.Н. Күзенбаеваның  шәкірті,   32 топ білімгері Қыдырғалиұлы Данияр қатысып , алғыс хат пен мараппатталды.

 Колледж білімгерлері оқумен қатар спорттада үлкен жетістіктерге қол жеткізіп жүр. Атап айтсақ,  2014 жылы 13 топ білімгері «Самбо» күресінен Татьяна Шальнева Республикалық жарыстардан бірнеше жүлделерге ие болды. Сонымен қатар  23-топ білімгері Махаббат Қайрат  «Дзюдо» күресінен республикалық және облыстық  жарыстардан 1-ші орынды иеленіп қайтты.  Талдықорған қаласында облыстық бокстан өткен жарыста 21 топ білімгері Каримов Муса жүлделі  2-ші орынды иеленді. 2013 жылы Сарқанд қаласында колледж арасында  облыстық «Баскетбол» жарысында колледж  спортшылары 3-ші орынға ие болды. 2013 жылы  Қапал ауылында  колледждер арасында  облыстық жарыстарда колледж білімгерлері Волейболдан 2-ші орын алды.

Үкімет тарапынан көңіл бөлініп, жатақхана,шеберхана  күрделі жөндеуден өтті, жаңа техникалармен қамтылуда.  Бүгінгі таңда теория жағынан, практика жағынан да жоғарыда айтылған әр мамандық бойынша жастарымыздың білім алуына толық жағдай жасалған.    

   2014 жылдан бастап  «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығы бойынша білімгерлер дайындалып, тігін  цехы мен  5 іс  машинасы  іске  қосылды. Ақылы түрде даярланатын «Шаштараз» мамандығы бойынша кабинет қажетті құрал жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.  Болашақта осы мамандарды бюджетке кіргізу ойымызда бар.  Колледж  шеберханасында кәсіби білім алу материалдық база жабдықталған. «Аспазшы»  мамандығы бойынша  1 шеберхана мен «Жаттығу рестораны» жұмыс жасап тұр. «Ауылшаруашылық өндірісінің тракторист-машинисі» мамандығы бойынша «Слесарлық цех» , «Автомобильге техникалық қызмет көрсету» , «Ауылшаруашылық машиналары»  лабороториялық іс –тәжірибе кабинеттері , «Газэлектрмендәнекерлеуші » мамандығы  бойынша «Газбен дәнекерлеу» , «Электрмен дәнекерлеу»  шеберханалары жұмыс жасайды.

Қазіргі таңда колледжде  5 жеңіл автокөлік, 1 жүк автокөлігі 3 автотренажер, 1 МТЗ-82 тракторы  талапқа сай жабдықталып, машықтану алаңында  кесте бойынша   жаттығу жүргізіледі.Колледжде біліммен кәсіпті меңгеруге ауылдық жерден келген білім алушылар  жатақханада тегін тұрады. Олардың тыныштығы мен қауіпсіздігі тәрбиесіне жауапты  Г. Садвакасова, К. Сембаева,  сияқты  тәжірибелі ұстаз тәрбиешілерінің жауапкершілігінде. Осы атқарылған жұмыстың жүйелі түрде жүруіне колледж басшысы А.Садуақасұлының қосқан үлесі зор. Атап айтсақ, колледжге жаңа техникалар алынды. Спорт зал, асхана, акт залы күрделі жөндеуден өтті. Оқу кабинеттері жаңа заман талабына сай жөнделуде. Ұжымды жаңа мамандармен толықтыруда. Аудандық, облыстық мақтау қағаздарымен марапатталды.

`Халықты халықпен ,адамды адаммен теңестіретін білім`-деп Мұхтар Әуезов атамыз айтқандай , оқытушыларымыздың біліктілігін көрсету мақсатында  әдістемелік кабинеттің білім жетілдіру және біліктілік санаттарын көтеруді жоспарлау іс-щаралары іске асырылған .

Колледждегі әскери – патриоттық тәрбие де КР ата заңында «ҚР ның қорғау –оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті» делінген . Бүгінгі жастарға отансүйгіштік , өз Отанына адал қызмет ету , ұлттық тәрбие беру мақсатында  Алакөл гуманитарлық техникалық колледжінің барлық ұжымы ат салысуда . Патриоттық сезімінің нысаны Отан, туған өлке деп айтсақ ал оның мазмұны-туған жер, ана тілі қоршаған орта жастардың көкірегіне жылылық, жақындық,туысқандық сезімдерін ұялатады. Жастарға өз Отанына деген патриоттық рух қалыптастыру  үшін алдымен бай тарихына , оның болашағына сол жастардың жауапкершілігін сездіретін амал  жасауымыз керек. Әрбір  жас өздерінің келешегі жолында табанды күрескер екендіктерін сезінуі үшін әр уақытта Отанды қорғау , ұдайы  моралдық тұрғыда және  жан-жақты даярлықта болуы тиіс.