Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

«Алматы облыстық білім басқармасы» ММ

«Алакөл гуманитарлық-техникалық  колледжі» МКҚК

 

"Келісілген"

Алматы облысы

Білім басқармасының басшысы   

______________ М.Омарова

«___»   __________ 2020 ж. 

 

"Бекітемін"

 Колледж директоры

___________А.Ибраимов

«____» __________ 2020 ж. 

                                  

                                     

 

 

2020 – 2021 оқу жылына «Алакөл гуманитарлық-техникалық  колледжі» МКҚК

оқуға қабылдау тәртібі

 

 

«Алакөл гуманитарлық-техникалық  колледжі»  МКҚК  2020 – 2021 оқу жылына мемлекеттік тапсырыспен төмендегідей мамандықтарға оқушылар қабылдайды:

 

Күндізгі оқу бөліміне:

Мамандығы: 1114000- Дәнекерлеу ісі

Біліктілігі: 1114042- « Электргазымен дәнекерлеуші» , оқу мерзімі 2 жыл 10 ай, негізгі мектеп базасында

1504000 – Фермер  шаруашылығы

біліктілігі: 1504062 - "Ауыл шаруашылығының тракторшы-машинисі", оқу мерзімі 2 жыл 10 ай, негігі мектеп базасында;

Мамандығы: 0508000- Тамақтандыруды ұйымдастыру

Біліктілігі: 0508012- « Аспаз» , оқу мерзімі 2 жыл 10 ай, негізгі мектеп базасында

Мамандығы: 1401000- Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану

Біліктілігі: 1401022- « Ағаш ұстасы» , оқу мерзімі 2 жыл 10 ай, негізгі мектеп базасында

Мамандығы: 0507000- Қонақ үй шаруашылығына қызмет көрсету  және ұйымдастыру

Біліктілігі: 0507042- « Әкімшілік көмекшісі» , оқу мерзімі 10 ай, орта мектеп базасында

Мамандығы: 1402000- жол-құрылыс машиналарын  техникалық  пайдалану

Біліктілігі: 1402182- « жол-құрылыс машиналарын және тракторларын жөндеу слесары», оқу мерзімі 10 ай, орта мектеп базасында

 

 

Жалпы ережелер

1.1. «Алакөл гуманитарлық-техникалық  колледжі» МКҚК (келесіде Колледж) оқуға қабылдаудың осы Ережесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №130 бұйрығымен бекітілген 2012 жылы 13.02. өзгертіліп, толықтырылған техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын ұйымдарда оқуға қабылдаудың Үлгілік ережелеріне сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының № 319-ІІІ3РК 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңына сәйкес (13.02.2012ж. өзгерістер мен толықтыруларымен) Колледжге оқуға қабылдау тәртібін белгілейді.

1.2. «Алакөл гуманитарлық-техникалық  колледжі» МКҚК-не негізгі орта (жалпы негізгі), жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі, жоғары (кәсіптік жоғары) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қабылданады.  

Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар заңнамада белгіленген тәртіппен оқудың бірінші семестрінде нострификатталуы тиіс

1.3. Білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасын белгілеу туралы» 2008 жылғы 28 наурыздағы № 296 қаулысымен бекітілген қабылдау квотасы көзделеді

1) І,ІІ топтардағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек-балалар арасынан шыққан азаматтар үшін – 0,5%.

2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін – 0,5%.

3) осы бұйрықтың 1 қосымшасына сәйкес ауылдың (селоның) әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтары үшін – 30%.

4) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін – 2%.

5) жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін – 1% (І ереженің қосымшасына сәйкес)

  1.4. Техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар  үшін түсу емтихандарын тапсыру нысанын білім беру ұйымдары белгілейді.

Құжаттарды қабылдауды ұйымдастыру және түсу емтихандарын өткізу

 2.1. Білім беру ұйымдарына оқуға азаматтардың өтініштерін қабылдау, түсу емтихандарын өткізу және білім алушылар құрамына қабылдау үшін қабылдау комиссияся құрылады, ол өз жұмысын 1 маусымнан бастайды.

 2.2. Оқуға түсушілерді қабылдау нәтижесі туралы ақпаратпен оқудың күндізгі нысаны бойынша 30 тамызға дейін.

 2.3. Білім беру ұйымдарында оқуға азаматтардың өтініштерін қабылдау:

 1)  орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына        20 маусым мен 20 тамыз.

 

2.4. Оқуға түсушілер білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау туралы өтінішіне білімі туралы құжаттың түпнұсқасын, № 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы флюрография суретімен (І және ІІ топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы), 3х4 көлемдегі 4 суретті қоса береді

 Жеке басын куәландыратын құжаттарды оқуға түсушінің өзі, ата-аналары немесе заңды өкілдері ұсынады.

Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар мәртебесін анықтайтын, тұрғылықты жерге тіркелгендігі туралы белгісі бар  құжатты ұсынады:

    1) шетелдік - шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат;

    2) азаматтығы жоқ тұлға - азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;

    3) босқын - босқынның куәлігі;

    4) пана іздеуші тұлға - пана іздеуші тұлғаның куәлігі;

    5) оралман - оралман куәлігі.

  

 

    Кешенді тестілеу сертификатын (жоғары оқу орындарына түсу үшін ағымдағы жылы кешенді тестілеуге қатысқан өткен жылдар түлектері) немесе ҰБТ нәтижелері туралы сертификатын тапсырған (ағымдағы жылы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан  бітірушілер) тұлғалар түсу емтихандарынан босатылады және осы Ереженің  3.1 -тармағында  көрсетілген шарттарға сәйкес конкурсқа жіберіледі.

2.5  Түсу емтихандары орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша және:

1) жалпы орта білімі бар оқуға түсушілер үшін  үш пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні бойынша пән) өткізіледі;

2) негізгі жалпы білімі бар оқуға түсушілер - негізгі жалпы білімнің оқу бағдарламалары көлемінде 2 пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі және мамандық бейіні бойынша пән);

3) мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік, орта  білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін  мамандық бейіні бойынша өткізіледі;

4) мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік, орта  білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін  әңгімелесу түрінде өткізіледі.      Түсу емтихандарының  түрі колледж әкімшілігі тарапынан  бектіледі.

Білім беру ұйымдарына түсу емтихандары  түсушілердің өтінішіне сәйкес қазақ немесе орыс тілдерінде өткізіледі.

5) Бұқаралық кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілерге арналған түсу емтихандары әңгімелесу нысанында өткізіледі.

Техникалық және кәсіптік білімнің  мамандық бейіні бойынша жалпы білім беретін пәндер тізбесі осы Ереженің  қосымшасына сәйкес айқындалады.  

Түсу емтихандары 1 тамыз бен 28 тамыз аралығында

      Түсу емтихандарын өткізу кезінде:                                                                                         

  1) тестілеу нысанында әрбір пән бойынша тестілеу тапсырмаларының (сұрақтарының)  саны 25 болып белгіленеді; әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы 1 балмен бағаланады;  тестілеуге үш пән бойынша 2 сағат 15 минут, ал екі пән бойынша 1 сағат 30 минут беріледі; дұрыс жауаптар коды тестілеу аяқтала салысымен ілінеді; тестілеу нәтижелері  өткізілген күні хабарланады;

2) пәндер бойынша емтихандардың, қабылдау емтихандарының нәтижелері бойынша алынған «3», «4», «5» бағаларын қабылдау комиссиясы мынадай шкала бойынша: «3» - 8 балл, «4» - 17 балл, «5» - 25 балдарға ауыстырады.

2.6 Бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және тест тапсырмаларын (сұрақтарын) бағалау және пәндер емтихандары кезіндегі даулы мәселелерді шешу, түсушілердің құқығын қорғау мақсатында білім беру ұйымында  апелляциялық комиссия құрылады.

2.7 Тестілеуді немесе пәндер бойынша түсу емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.            

 Білім алушылар құрамына қабылдау

3.1 Білім беру ұйымдарына білім алуға азаматтарды қабылдау конкурстық негізде азаматтардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.

Конкурс: ҰБТ сертификаттарының балдары негізінде; Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнына түсу үшін кешенді тестілеу нысанында өткізілген түсу емтихандарының нәтижелері бойынша берілген сертификаттар балдары негізінде; пәндер бойынша немесе білім беру ұйымдары жүргізген тестілеу нысаны бойынша түсу емтихандарының нәтижелері бойынша алынған балдар (бағалар) негізінде жүргізіледі.

Қабылдау конкурсын өткізу кезінде ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификаттарында көрсетілген үш пәннің осы Ереженің 2.5 -тармағына сәйкес  балдар сомасы ескеріледі.

    Білім алушылар құрамына қабылдау конкурсына қатысуға:

   1) негізгі жалпы білім алғандар үшін екі пәннен 20 балдан кем.

   2) жалпы орта білім алғандар үшін үш пәннен 30 балдан кем жинағандар жіберілмейді.

 Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау:

   1) күндізгі оқу нысанына  - 25 тамыз бен 30 тамыз аралығында;

 3.2. Білім беру ұйымдарына қабылдау мамандықтар, бөлімшелер бойынша бөлек қабылдау комиссиясының ашық мәжілісінде жүргізіледі.

Колледждің қабылдау комиссиясы осы Ережемен реттелмеген сұрақтарды өздігінен шеше алады.

Осы  Ереже «Алакөл гуманитарлық-техникалық  колледжі» МКҚК қабылдау комиссиясының отырысында талқыланып, «22» мамыр 2019 ж. № 1  хаттамасында  мақұлданды.